• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
401 Категория: Центральная Азия - Жарияланды 17/05 - 12:07

АСТАНА, 17 - мамыр. - Eurasia Todaу. 15 мамыр күні Ауғанстанға гуманитарлық миссия аясында келген үш түрікмен дәрігері Герат провинциясының Тургунди ауылында Түркіменстан салған перзентханада әйелдер мен балаларға емдік-консультациялық көмек көрсетуде.

Ауғанстан тарапы Түркіменстаннан келген дәрігерлерді жылы қарсы алды.
Түркіменстан дәрігерлерінің Ауғанстанға гуманитарлық миссиясы Түркіменстан Президентінің өкіміне сәйкес жүзеге асырылуда.
Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, түрікмен дәрігерлері Ауғанстанда мамыр айының соңына дейін жұмыс істейді.
Айта кетсек, Түркіменстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетіп, қолдап отырады. 3 мамырда Түркіменстанның Ауғанстандағы Бас консулдығы Герат провинциясының Тургунди ауылында орналасқан перзентханада күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігін атап өтті.
Сондай-ақ 11 мамырда Түркіменстан Ауғанстанға салмағы 125 тонна болатын гуманитарлық жүк жіберген болатын. Онда дәрілік және медициналық заттар, азық-түлік және тоқыма өнімдері бар.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети