• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
500 Категория: Центральная Азия - Жарияланды 20/05 - 09:08

АСТАНА, 20 - мамыр. - Eurasia Todaу. Шекарадағы қақтығыстарға қарамастан Иран мен Ауғанстан байланыстарды нығайтуды жалғастыруда.

Соңғы бірнеше күн ішінде екі ел арасында бірқатар шаралар атқарылған. Атқарылған шараларды атап өтсек:

- Ауғанстан азаматтарын Иран бакалавриаты мен магистратура бағдарламаларында оқыту туралы келісімге қол қойды;

- «Гераттағы Иранның сауда мүмкіндіктері» көрмесін өткізуге келісті;

- Гератта ирандық және ауғанстандық инженерлер үшін қала құрылысы бойынша конференция ұйымдастырылды;

- Ирак пен Палестина саясаткерлерінің қатысуымен Сириядағы шайқастарға қатысқан «фатимиюн» дивизиясы туралы халықаралық конференция ұйымдастырды.

Сондай-ақ жақында Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз провинциясына Иран делегациясы барды. Делегацияны Мазари-Шарифтегі Бас консул Хосейн Яхьяви басқарды. Ол сапар барысында Кундуз провинциясының губернаторымен сауда және туризм мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Бұл туралы «Иран Республикасының Мазари-Шарифтегі Бас консулы Кундуз провинциясына келген сапары кезінде билікпен сауда қатынастарының кеңеюін талқылады», - дейді губернатордың өкілі Асадулла Ниази.
Талибан билікке келгеннен кейін де Иранның Ауғанстанға инвестиция салуға деген қызығушылығы артып, елдер арасындағы экономикалық және сауда қатынастары кеңеюде.

Алайда Иран мен Ауғанстан шекарасында оқтын-оқтын атыс болып жүр. Соңғы рет 2023 жылдың 5 наурызында екі ел арасындағы шекарада қақтығыс орын алды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети