• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
371 Категория: Центральная Азия - Жарияланды 24/05 - 12:24

АСТАНА, 24 - мамыр. - Eurasia Todaу. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йорктегі «Түрік үйіне» жасалған шабуылды қатаң айыптап, шабуыл жасаған адамды «террорист» деп атады.

Режеп Тайып Ердоған АҚШ билігін Нью-Йорктегі «Түрік үйіне» шабуыл жасаған «террористті» анықтауға шақырды.
Сонымен қатар Түркия Президенті болған оқиғаға байланысты қажетті шараларды қабылдауды талап етті.
 «Түрік үйінің» терезелерін сындырған террористті табу қажет екендігін атап өткен Режеп Тайып Ердоған «Түрік үйінің» қауіпсіздігін қамтамасыз ету АҚШ билігіне сеніп тапсырылғанын еске салды.
Айта кетсек, белгісіз адам Нью-Йорктегі «Түрік үйіне» шабуыл жасап, ғимараттың 12 терезесін сындырған. Түркияның Нью-Йорктегі Бас консулы Рейхан Өзгүр оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін айтады. Дипломаттың айтуынша, ғимаратқа материалдық шығын келтірілген.
«Нью-Йорк полициясы бұл оқиға туралы дереу хабардар болды. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді. Белгісіз қылмыскер шабуыл кезінде қолданған құралын тастап, қашып кеткен. Біз жергілікті билікке шабуылдаушының жеке басын анықтап, ұсталуын күтетінімізді хабарладық», - дейді Бас консул.
Сондай-ақ Түркияның Нью-Йорктегі Бас консулы бұл оқиғаның Түркия президентін сайлаудың екінші кезеңіне дауыс беру процесіне әсер етпейтінін атап өтті.
Түркиядан тыс жерде тұратын Түркия азаматтары сенбіден бастап президенттік сайлаудың екінші кезеңіне дауыс бере бастады. Түркияның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде дауыс беру мерзімі 24 мамырға дейін жалғасады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети