АСТАНА, 26 - мамыр. - Eurasia Todaу. Әзірбайжан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында қол қойылған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің әскери-медициналық басқармасының бастығы Носиржон Фозилов бастаған делегация Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің медициналық басқармасында болды.
Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің медициналық басқармасының бастығы, генерал-майор Фирудин Нәбиев өзбекстандық қонақтарды жылы қарсы алып, оларды көргеніне қуанышты екенін атап өтті.
Кездесуде тараптар әскери медицина саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар қонақтар Өзбекстанның Бас клиникалық госпитальі, орталық әскери емхана, орталық стоматологиялық емхана, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығы және Қорғаныс министрлігінің сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия орталығында болып, әскери дәрігерлердің жұмысымен танысты.
Шара соңында естелік сыйлықтар табысталды және естелік ретінде фотосуретке түсті.
Теңге бағамы
Ауа-райы