• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
964 Категория: Центральная Азия - Жарияланды 05/10 - 12:24

НҰРСҰЛТАН, 5 - қазан. - Eurasia Today. Кеше, 4 қазанда Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстан Республикасына ресми сапармен келді.

Мәртебелі мейманды Ташкенттегі Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда ел президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Гурбангулы Бердімұхамедов Өзбекстанның Мемлекет басшысымен бірге «Мұстакиллик» алаңына барып, Тәуелсіздік пен гуманизм монументінің етегіне гүл қойды.

Сапар аясында Ташкенттегі «Яшнабад» инновациялық технопаркінде екі мемлекеттің мемлекеттік және жеке құрылымдарының өкілдері қатысқан Түркіменстан-Өзбекстан экономикалық форумы өтті.

Форум барысында сауда байланыстарын кеңейту, экспорт пен импорт, бірлескен жаңа кәсіпорындар құру, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың Өзбекстан Республикасына сапары барысындағы ел президенті Шавкат Мирзиёевпен жоғары деңгейдегі келіссөздері бүгін, 5 қазанда «Көксарай» резиденциясында өтеді. Соның нәтижесінде жиырмадан астам екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети