• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1394 Категория: Центральная Азия - Жарияланды 13/10 - 10:10

НҰРСҰЛТАН, 13 - қазан. - Eurasia Today. АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында "Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" ынтымақтастық диалогы форматын құруға өзара мүдделілік танытылды.

ҚР СІМ баспаөз қызметінің хабарлауы бойынша, бүгін, қазанның 12 күнгі Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сыртқы істер министрлерінің алтыншы кездесуі аясында Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары және Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Н. Әл-Хаджраф арасында жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ аталған Кеңестің төраға-елі болып табылатын Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі А.Әл-Заяни де қатысты. Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Қорытындысында екі өңір арасында сыртқы істер министрлері деңгейінде "Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" жаңа ынтымақтастық диалогы форматын құруға өзара мүдделілік білдірілді.

ҚР СІМ баспаөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бүгін Қазақстанның төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласында "Пандемиядан кейінгі әлемнің жаңа шындығындағы Азиядағы қауіпсіздік және орнықты даму" тақырыбында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Сыртқы істер министрлерінің 6-шы кездесуі өтті.

Аралас форматта өткен іс-шараға мүше мемлекеттер мен байқаушылардың өкілдері, байқаушы ұйымдар мен серіктестер ұйымдардың басшылары қатысты. 27 мүше мемлекеттің 23-і сыртқы саяси ведомстволар басшылығы деңгейінде қатысты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети