• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
6 Категория: Центральная Азия - Жарияланды 24/11 - 12:37
НҰРСҰЛТАН, 24 - қараша. - Eurasia Today.  Қазақстан мен Өзбекстан оқу-жаттығу барысында әскери құрамаларды бірлесіп жедел өрістету тәсілдерін пысықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Қорғаныс министрінің Өзбекстанға ресми сапары аясында екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов «Термез» полигонында «Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылады. Оқу-жаттығудың жоспары бойынша жауынгерлік бөлімшелер іздеу-барлау іс-қимылдарын жүргізу, қарсыластың тұтқиылдан жасаған шабуылының алдын алу, жаудың мықты жасақтарының көзін құрту, шабуылға тойтарыс бере отырып, жоғары мобильді әскерилендірілген топтарды жою тапсырмаларын орындады.

«Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы екі елдің әскери құрамаларының өңірдегі жағдайдың ушығу қаупі артқан кезде түрлі оқу-жауынгерлік міндеттерді шешудегі өзара іс-қимыл деңгейін, сондай-ақ байланыс пен үйлесімділік дәрежесін арттыруға бағытталған.

Мұрат Бектанов пен Баходир Құрбановтың ресми келіссөздері барысында өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің соңғы уақыттағы сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері талқыланатын тақырыпқа айналды. Оның ішінде Ауғанстандағы ахуал да бар.

Одан бөлек, тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс саласындағы өзара қарым-қатынастарының өзекті бағыттарын, әскери білім беру және кадрлар даярлау мәселелерін де қарастырды. Келіссөздер нәтижесінде екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспары бекітілді.

Жоспарда жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шаралары, командалардың Қазақстан мен Өзбекстан аумағында Армия халықаралық ойындарына қатысуы, өзара тәжірибе алмасу сапарлары қамтылды.


 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+7°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+6°C Ташкент

Соцсети