• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
915 Категория: Центральная Азия - Жарияланды 05/05 - 10:52

НҰР-СҰЛТАН, 5 - мамыр. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон телефон арқылы сұхбатта іс жүзіндегі ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Өзбекстан Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша екі елдің мемлекет басшылары Өзбекстан-Тәжікстан достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайтудың өзекті мәселелерін қарастырды. Жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша қабылданған келісімдердің орындалу барысы жан-жақты талқыланды.
Практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде өзара сауда көлемін арттыруға, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың басым жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ мемлекеттердің басшылары өңіраралық байланыстарды жандандырып, мәдени-гуманитарлық алмасуды дамытуға ынта білдірді.
Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша әңгімелесу барысында Тәжікстан мен Өзбекстан басшылары өңірлік және халықаралық маңызы бар кейбір өзекті мәселелерді, соның ішінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік жағдайын да талқылады.
Осы мәліметке сәйкес Шавкат Мирзиеев Эмомали Рахмонды қолайлы уақытта осы көрші елге ресми сапармен келуге шақырды. Сапардың нақты күндері дипломатиялық арналар арқылы келісіледі.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
+1.54
USD
432.72
-0.33
EUR
454.14
-0.46
RUB
6.80
+1.61
TJS
35.94
+1.14
TMT
128.31
+1.14
UZS
0.04
+1.37

Ауа-райы

 

+20°C Теһран
+8°C Мәскеу
+15°C Нұр-Сұлтан
+15°C Бішкек
+15°C Алматы
+17°C Душанбе
+24°C Ашхабад
+19°C Ташкент

Соцсети