АСТАНА, 24 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Кеше, дүйсенбі күні Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат провинциясына Түркиядан гуманитарлық көмек жеткізілді.
7-ші «Жақсылық пойызы» Ауғанстанға үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) қолдауымен жетті.
AFAD мәліметінше, «Жақсылық пойызында» 500 тоннадан астам гуманитарлық жүк тиелген. Гуманитарлық көмек Ауғанстанның әртүрлі аймақтарындағы мұқтаж отбасылар арасында таратылатын болады.
«Жақсылық пойызында» азық-түлік, қысқы киім, аяқ киім, кілемдер, көрпелер, тазалау құралдары, мүгедектер арбалары және тігін машиналары бар.
Бұған дейін алдыңғы алты «Жақсылық пойызы» Ауғанстанға жалпы 7 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді.
Теңге бағамы
Ауа-райы