• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
410 Категория: Центральная Азия - Жарияланды 25/01 - 10:46

АСТАНА, 25 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Түркіменстан-Өзбекстан қатынастарын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Өзбекстан Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Ташкентке келген Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесті.
 Кездесу барысында Рашид Мередов Шавкат Мирзиеевке Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Халк мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізді.
Кездесуде 2023 жылдың бірінші тоқсанында бірқатар бірлескен іс – шаралар, соның ішінде үкіметаралық комиссияның, су шаруашылығы мәселелері жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырыстары, сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялар және басқа да бірқатар мәдени шаралар өтетіні атап өтілді.
Тараптар сондай-ақ экономика, сауда, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік және логистика, өңіраралық байланыстарды жандандыру және мәдени-гуманитарлық алмасу саласындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
459.84
+0.08
EUR
506.10
+1.17
RUB
6.58
+0.74
TJS
44.68
-0.11
TMT
131.28
+0.08
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+3°C Теһран
-9°C Мәскеу
-11°C Астана
+2°C Бішкек
+2°C Алматы
+9°C Душанбе
+10°C Ашхабад
+7°C Ташкент

Соцсети