• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
355 Категория: Казахстан - Жарияланды 22/02 - 14:13

АСТАНА, 22 - ақпан. - Eurasia Todaу. Қазақстан Тәжікстанға 5 мың тонна мазут түрінде гуманитарлық көмек берді.

ҚР СІМ мәліметі бойынша Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Қазақстанның 5 мың тонна мазутқа арналған ресми гуманитарлық көмек сертификатын Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттіктің директоры Нұрмахмад Ахмадзодаға тапсырды.
Елші өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елдің маңызды энергетикалық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуі мақсатында Тәжікстанға 860 млн 805 мың теңге (шамамен 1,8 млн АҚШ доллары) сомасында гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын атап өтті.
Қазақстанның Тәжікстанға ақшалай баламада көрсеткен гуманитарлық көмегінің жалпы көлемі 2006 жылдан бастап 44 млн АҚШ доллардан асты.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети