• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
417 Категория: Казахстан - Жарияланды 17/05 - 09:40

АСТАНА, 17 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қазақстанның Қытайға астық экспортын жылына 1 млн тоннаға дейін жеткізу ниеті бар. Бұл туралы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Бейжіңде Қытайдың жетекші COFCO және CITIC Group агрокомпанияларымен кездесуінде мәлімдеді.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кездесу барысында АӨК саласындағы өсу мен ынтымақтастықтың ауқымды перспективалары және екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасында тікелей байланыс орнату жоспарлары туралы айтты.
 АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қытайдың COFCO және CITIC Group компаниялары басшылығына Қазақстанда астықтың едәуір қоры бар және экспорт үшін астықтың қажетті көлемі мен сапасын қамтамасыз ете алатын отандық компаниялар арқылы астық жеткізуді жүзеге асыру ұсынылған. Бұдан бөлек, логистикада проблемалық мәселелер туындаса АШМ оларды жедел шешуге көмектесуге дайын.
Айта кетсек, Алашанькоу және Қорғас шекаралас қалаларында тәулігіне 10 мың тоннаға дейін астық жүктерін қабылдай алатын терминалдар бар.
Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев ҚХР-дың ет қауымдастығының өкілдерімен кездесуінде қазақстандық кәсіпорындар мұздатылған сиыр, қой және шошқа етінің экспортын тезірек қалпына келтірілуін күтетінін атап өтті.
Сонымен қатар отандық зауыттар салқындатылған ет және балық өнімдері, құс еті, жұмыртқа және басқа да тауар түрлерін жеткізуге дайын.
Еске сала кетсек, өткен жылы Қазақстанда 1,06 млн тонна ет өндірілген. Экспорттың негізгі үлесі Өзбекстанға, БАӘ мен Кувейтке тиесілі.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети