АСТАНА, 23 - мамыр. - Eurasia Todaу. Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Сингапур Президенті Халима Якобтың қатысуымен Қазақстан-Сингапур бизнес-форумы өтті.
Ukimet сайтының хабарлауы бойынша жиында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының 200-ден астам өкілі бас қосты.
Форум қорытындысы бойынша сауда, инвестиция, логистика және мемлекеттік қызметкерлерді оқыту салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар екіжақты келісімдер мен меморандумдарға, сондай-ақ құны $275 млн болатын коммерциялық құжаттарға қол қойылды.
Бүгінде Сингапур – Қазақстанның ASEAN аймағындағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 65%-ға өсіп, $2 млрд-қа жуықтады. Сондай-ақ осы кезеңде сингапурлық инвестиция көлемі 6 есе өсіп, $400 млн құрап, рекордтық деңгейге жетті.
Теңге бағамы
Ауа-райы