• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2268 Категория: Казахстан - Жарияланды 04/06 - 10:13

НҰРСҰЛТАН, 4-маусым. - Eurasia Today. 2022 жылы Н.Назарбаев халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылады, деп хабарлайды ақпарат тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Нұр-Сұлтан әуежайында 2022 жылы ұшу-қону жолағын толық қайта жаңарту жоспарлануда. Ал, рейстер Көкшетау мен Қарағандыдан ұшырылады.    

«Келесі жылы біз 2004 жылы салынған және жөндеуді қажет ететін жолақты толығымен қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз», дейді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атқарушы директоры Дәулет Хамзин.

Сондай-ақ,  атқарушы директор «Әуежай қысқа мерзімге жабылған кезде, жолаушыларды жеткізуді қамтамасыз ету үшін біз жақын маңдағы Көкшетау мен Қарағанды әуежайларына бірқатар рейстерді іске қосуды жоспарлап отырмыз»,  деді. 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети