• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1132 Категория: Казахстан - Жарияланды 11/06 - 14:00

НҰРСҰЛТАН, 11-маусым. - Eurasia Today. Қазақстан The Economist журналының азық-түлік қауіпсіздігі рейтингінде әлемде 32-орынға ие болды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтқанын ақпарат торабының тілшісі хабарлайды.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша АӨК саласында барлық макрокөрсеткіштер бойынша өсім бар. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,7%-ға ұлғайып, 6,3 трлн теңгеге жетті. Бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім. Сонымен қатар, Қазақстанда азық-түлік өндірісі 4%-ға өсті», - деді министр.

Министрдің дерегі бойынша, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар ағыны 15%-ға, тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 13,5%-ға ұлғайды. Нәтижесінде, АӨК инвестицияларының жалпы көлемі жоспардағыдан 154,2 млрд теңгеге асып, 677,2 млрд теңгені құрады.

Сапархан Омаров: «АӨК өндірісінің өсім көлемі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының ұлғаюымен нақтыланды. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 22%-ға өсіп, 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. АӨК саласында жүргізіліп жатқан саясаттың тиімділігін британдық The Economist журналы өткізетін Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингі де растады. Онда Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 позицияға көтеріліп, әлемнің 113 елінің арасынан 32-орынға ие болды», - деді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+33°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети