• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2541 Категория: Казахстан - Жарияланды 07/09 - 13:40

НҰРСҰЛТАН, 7 - қыркүйек. - Eurasia Today.   «Сарышаған» полигонында ТМД елдерінің «Жауынгерлік достастық-2021» атты оқу-жаттығуы 14-25 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл туралы ақпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш шараға Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштерінен 1 300-ден астам әскери қызметші және 400-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылады.

«Оқу-жаттығу әскери басқару органдарының дайындық деңгейін, жауынгерлік есептоптар мен экипаждардың үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы және әуеде шайқастарды жүргізу тәсілдерін пысықтау мақсатында өткізіледі. Қарулы қақтығыстарда авиация мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін қолдануды ұйымдастыру бойынша түрлі тактикалық эпизодтар көрсетіледі», дейді  Әуе қорғанысы күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Фазылолла Бәденов.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жаттығу кезінде әскери авиация экипаждары әуедегі және жердегі нысаналарды авиация құралдарын ұрыста қолдану арқылы зақымдай отырып, күндізгі және түнгі ұшуларды пысықтайды.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети