• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2153 Категория: Казахстан - Жарияланды 19/11 - 11:24

НҰРСҰЛТАН, 19 - қараша. - Eurasia Today. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазады ақпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді. Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр»,- делінген Президенттің баспасөз хатшысының әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

Соцсети