19 Категория: Казахстан - Жарияланды 24/11 - 13:15

НҰРСҰЛТАН, 24 - қараша. - Eurasia Today. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 24 қараша күнгі Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

Жарлықта: «Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - деп жазылған.

Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымынан босатылды.

Теги: