• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
11 Категория: Казахстан - Жарияланды 25/11 - 12:35

НҰРСҰЛТАН, 25 - қараша. - Eurasia Today. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев тағайындалды.

Ақпарат торабы тілшісінің KEGOC компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, 2021 жылғы 24 қарашада «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті. Соның барысында кадрлық тағайындаулар жүргізілді.

Бақытжан Қажиевтың жеке бастамасы бойынша «KEGOC»АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге тағайындалды. Оның «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов сайланды. «KEGOC» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамы - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
434.42
0.00
EUR
490.20
0.00
RUB
5.88
0.00
TJS
38.46
+0.02
TMT
124.11
+0.02
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+12°C Теһран
-15°C Мәскеу
-18°C Нұр-Сұлтан
-4°C Бішкек
-8°C Алматы
+10°C Душанбе
+18°C Ашхабад
+9°C Ташкент

Соцсети