НҰР-СҰЛТАН, 5 - мамыр. - Eurasia Todaу. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сакеевтің сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда 381 Ұлы Отан соғысы ардагері мен ҰОС-дағы Жеңіске жетуге үлес қосқан 97 758 азамат бар. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз маслихатында айтты.
«2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақыны ескере отырып, ай сайын алатын әлеуметтік төлемдердің орташа жиынтық мөлшері: ҰОС қатысушы 289 адам үшін-193 714 теңге, ҰОС мүгедектері үшін 98 адамға- 201 615 теңге, басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлері 24 943 адамға-205 041 теңге, ҰОС қатысушыларына теңестірілген 3 886 тұлғалар үшін-161 174 теңге, ҰОС мүгедектеріне теңестірілген 14 780 тұлға үшін-124 409 теңге, ҰОС жылдарындағы 69 248 тыл еңбеккерлеріне- 132 060 теңге»,- деп мәлімдеді Руслан Сакеев.
Руслан Сакеевтің сөзінше, биыл Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталады.
Теңге бағамы
Ауа-райы