• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
588 Категория: Кыргызстан - Жарияланды 17/05 - 16:22

АСТАНА, 17 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қырғыз Республикасының Шу облысы Дмитриевка ауылында болған ІІМ мен ҰҚК арнайы операциясы барысында қарулы лаңкес өлтірілді, деп мәлімдеді Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ-тың куәгерлерге сілтеме жасап хабарлауынша, ауылда атыстың даусы естіледі. Күдіктілерді ұстап жатыр деген болжам бар.

Кейіннен ведомство ІІМ мен ҰҚК арнайы бөлімінің қызметкерлері лаңкесті қолға түсіру үшін арнайы операция жүргізгенін хабарлады.

Ол ұстау кезінде қарумен қарсылық көрсетті. Операция барысында оның көзі жойылды.

Сонымен қатар екі күштік құрылым қызметкері жараланды. Мекеме ақпаратынша, олардың бірі емханаға келіп емделетін болса, екіншісін ұлттық госпитальге жатқызады.

Оқиға орнында ІІМ мен ҰҚК басшылары жүр. Қазіргі уақытта ІІМ жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

4 жедел жәрдем бригадасы кезекшілікте тұр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
444.89
+0.14
EUR
477.21
+0.45
RUB
5.44
-0.40
TJS
40.80
+0.01
TMT
127.23
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+13°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети