• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
340 Категория: Кыргызстан - Жарияланды 25/05 - 16:27

АСТАНА, 25 - мамыр. - Eurasia Todaу. Қырғызстанның Таш-Көмүр қаласында мезозой дәуіріне жататын динозаврдың қалдықтары табылды, деп жазады ақпарат тілшісі Sputnik Қырғызстан сайтына сілтеме жасап.

Қызғызстан ұлттық ғылым академиясының ғалымы Жұмақадыр Қарамолдоевтың сөзінше, динозавр қалдықтарын неміс археологтары тапқан.
Ғалымдардың сөзінше, динозавр 60-70 миллион жыл бұрын өмір сүрген.
Табылған динозаврдың жіліншік сүйегінің ұзындығы 63 сантиметр. Жануардың ұзындығы 8 метр.
Sputnik Қырғызстанның хабарлауынша, Таш-Көмүр аймағынан бұған дейін де динозаврдың қалдықтары табылған. Мәселен, 1966 жылы ол жерден динозаврдың бір түрі - зауроподтың сүйектері табылған. Ал 1970-2015 жылдары Таш-Көмүр аумағында птерозаврдың, стегозаврдың және тероподтың қалдықтары табылған.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети