• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
1284 Категория: Кыргызстан - Жарияланды 05/06 - 10:57

НҰРСҰЛТАН, 5-маусым. - Eurasia Today. Кеше, 4 маусым күні Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Ыстық көл облысындағы сапары барысында қасында ілесіп келе жатқан кортежі жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Қырғызстан ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, Ыстықкөл облысындағы Ананьево ауылы маңындағы автожолда президенттің кортежіне қарсы жолаққа шығып кеткен жеңіл көлік соғылды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам жарақат алып, ҰҚМК 9-шы қызметінің қызметкері қаза тапты. Жараланған үш адам осы елдің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-шы қызметінің қызметкерлері деп хабарланды. Сонымен қатар кортежге соғылған «Субару» жеңіл автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы да зардап шеккен. Олардың барлығы Ананьево ауылының ауруханасына жатқызылды.
Алдын ала жарияланған ақпарат бойынша, қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізуші көлікті мас күйде басқарған.
Қырғызстанның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев АКИpress-ке берген сұхбатта Президент Садыр Жапаровтың апаттан зардап шекпегенін, оқиға кезінде ол кісінің басқа көлікте болғанын айтты.
Министрдің айтуы бойынша, бір мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерінің жағдайы ауыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+33°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+37°C Душанбе
+41°C Ашхабад
+38°C Ташкент

Соцсети