• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
998 Категория: Кыргызстан - Жарияланды 13/10 - 09:23

НҰРСҰЛТАН, 13 - қазан. - Eurasia Today.  Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 12 қазанда қол қойған Жарлық негізінде Жапаров Ақылбек Үсенбекұлы Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қырғыз республикасы Президенті баспасөз қызметінің хабарламасында: «Қырғыз Республикасы Конституциясының 71-бабына сәйкес, Жапаров Ақылбек Үсенбекұлы Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының міндетін атқарушы - Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды», - деп жазылған.

Ақылбек Үсенбекұлы Жапаров - ІІ, V, VI шақырылымдағы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты; Мемлекеттік қызметтің 2-сыныпты кеңесшісі; Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген экономисі, экономика ғылымдарының докторы. Мұның алдында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қол қойған Жарлық бойынша Қырғыз Республикасы Конституциясының 71-бабына сәйкес Уликбек Асамидинович Марипов Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы қызметінен босатылды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети