• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
909 Категория: Кыргызстан - Жарияланды 14/10 - 12:21

НҰРСҰЛТАН, 14 - қазан. - Eurasia Today. Қырғызстанда Созақ ауданының Бек-Абад ауылында той қонақтары жылқы етінен жаппай уланып қалды.

Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, ауруханаға 124 адам түскен. Жалал-Абад ауданаралық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және жұқпалы аурулардың алдын алу орталығының басшысы Рома Ураимовтың айтуынша, ауылда сүндет той өткізу үшін жылқы сойылған.

Оқиға 10 қазанда болған. Жергілікті тұрғындар келесі күні дәрігерлерге қарала бастапты. Ураимов науқастардың арасында туыстары тойдан үйге әкелген жылқы етін жегендер де бар екенін атап өтті. 16 адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары үйде ем қабылдап жатыр. 

Жалал-Абад облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі тойды 57 жастағы ер адам өткізгенін хабарлады. Ол 9 қазанда жылқы сойған, ал 10 күні мереке өткен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети