• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
363 Категория: Таджикистан - Жарияланды 22/02 - 12:55

АСТАНА, 22 - ақпан. - Eurasia Todaу. 21 ақпанда жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасының халқы үшін Тәжікстан Республикасының 55 тонна көлеміндегі азық-түлік, киім-кешек, медициналық мақсаттағы бұйымдар және басқа да қажетті заттар түріндегі гуманитарлық көмегі Дамаскіге екі ұшақпен жеткізілді.

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның бастамасы мен тапсырмасы бойынша Дамаскке жіберілген гуманитарлық көмекті Тәжікстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Зубайдулло Зубайдзода тапсырды.
Сирия тарапынан көмекті жергілікті өзін-өзі басқару министрінің орынбасары Мутоз Духайджи және Сирия Араб Республикасының тиісті органдарының өкілдерінен құралған арнайы комиссия қабылдады.
Айта кетейік, 2023 жылдың 6 ақпанында Түркияның оңтүстігінде тоғыз сағаттық аралықпен екі күшті жер сілкінісі болды.
Апат салдарынан Түркияда 42 300-ден астам адам, Сирияда 6 600-ден астам адам қаза тауып, тағы он мыңдаған адам жарақат алды.
Әлем елдері зілзаладан зардап шеккен Түркия мен Сирияға халқына әлі күнге дейін көмек қолын созып жатыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+21°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети