АСТАНА, 19 - мамыр. - Eurasia Todaу. Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында «Татар мәдениеті күні» өтуде. Іс-шара татар-башқұрт және орыс мәдениетіне қызығушылық танытушылар үшін ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында қонақтарға вокал, би және халықтық қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Сондай-ақ, «Татар халқының мозаикасы» атты экспозициясы ашылды.
Ресейдің Тәжікстандағы Елшілігінің кеңесші-елшісі Шамиль Шамсутдинов шара барысында сөйлеген сөзінде дипломаттардың және әртістердің, оқытушылар мен ғалымдардың Ресей мен Тәжікстан арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шарада түрлі музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен татар және орыс әуендері орындалды.
Сонымен қатар хореограф Алия Мухаметгалиева қатысушыларға татар биінің негіздерін айтып түсіндірді, ал филолог Залия Брусько дастандар туралы баяндады.
Ал, бас аспаз Альбина Фасхеева дәстүрлі тағамдарды дайындаудың құпияларымен бөлісті.
Теңге бағамы
Ауа-райы