• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
45 Категория: Таджикистан - Жарияланды 11/06 - 17:16

НҰРСҰЛТАН, 11-маусым. - Eurasia Today. Душанбеде 8 маусымда Орталық Азиядағы алғашқы TajRupt жасанды интеллектін зерттейтін зертхананың ашылу салтанаты өтті. Мекеменің басты мақсаты - жастарды қызықтыру және оларға тиісті салада мүмкіндіктер беру.

Зертхананың негізін жас тәжік жігіті Азизжон Азими қалаған. Ол Стэнфордтың Жоғары бизнес мектебі мен Гарвард Кеннеди мектебінің түлегі. Қазіргі уақытта ол 23 жаста.

Оқу орны ең алдымен республиканың жас азаматтарын жасанды интеллект саласында оқытуға бағытталған. Бағдарлама 10 апталық оқудан тұрады. Аптасына үш рет әр түрлі пәндер бойынша 75 минуттық интерактивті сабақтар өтеді.

Бұған халықаралық қатынастар, мемлекеттік саясат, философия, жаһандану, нарықтар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ заманауи технологиялар мен гендерлік теңдік сияқты салалар кіреді.

Зертхана Тәжікстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен және ел үкіметінің ішінара көмегімен ашылды.

Тыңдаушыларды ынталандыру үшін қарым-қатынас тілі ретінде ағылшын тілі таңдалды.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
+0.50
USD
424.69
-0.04
EUR
504.72
-0.20
RUB
5.82
+0.13
TJS
37.52
+0.59
TMT
121.39
+0.59
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+32°C Теһран
+24°C Мәскеу
+23°C Нұр-Сұлтан
+29°C Бішкек
+26°C Алматы
+30°C Душанбе
+36°C Ашхабад
+32°C Ташкент

Соцсети