• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
2273 Категория: Таджикистан - Жарияланды 15/09 - 10:31

НҰРСҰЛТАН, 15 - қыркүйек. - Eurasia Today. 2021 жылдың 14 қыркүйегінде Тәжікстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Төтенше және Өкілетті Елшісі Джон Марк Поммершайм Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Тәжікстан СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байденнің Пенсильвания өрт сөндіру бөліміне сапары кезінде айтқан сөзіне жауап ретінде АҚШ елшісіне наразылық нотасы табыс етілді.
Тәжікстан СІМнің нотасында мұндай мәлімдемелердің достық қарым-қатынас пен серіктестік рухына сәйкес келмейтіні көрсетіліп, Тәжікстан Республикасының Америка Құрама Штаттарымен өзара қолдау және өзара сыйластық рухында өзара тиімді қатынастарды дамытуға мүдделігі баса айтылды.
Еске салсақ, АҚШ президенті Джо Байден бірнеше күн бұрын: «Мұны қалай жасауға болатынын біреуге түсіндіру қиын. Мысалы, егер біз Тәжікстанда болсақ, С-130 (әскери-көлік ұшағын) шығарып, бізге жанашырлық танытқандардың барлығына осы ұшаққа отыруға рұқсат береміз десек, онда шассиге жабысатын адамдар табылар еді», - деген болатын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети