• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
3008 Категория: Таджикистан - Жарияланды 11/10 - 13:28

НҰРСҰЛТАН, 11 - қазан. - Eurasia Today. 2021 жылдың 10 қазан күні Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Бельгия Корольдігіне жұмыс сапарымен аттанды.

Тәжікстан Республикасы СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Тәжікстан Республикасы Президентімен бірге Сыртқы істер министрі, Тәжікстан Республикасы Президентінің сыртқы байланыстар жөніндегі көмекшісі және басқа да ресми адамдар болады.
Сапар барысында Тәжікстан Республикасы Президентінің Еуропалық Одақ пен Бельгия Корольдігінің басшылығымен кездесуі жоспарланған.

Тәжікстан президенті Брюссельге Еуропалық кеңестің басшысы Шарль Мишельдің шақырумен барды.

Тәжікстанның жергілікті БАҚ мәліметіне сәйкес, Эмомали Рахмон мен Еуропалық Одақ басшылығы келіссөздерінің негізгі тақырыбы Ауғанстан мәселесі болады.

Айта кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Бельгия корольдігіне сапары екі күнге, қазанның 10-12 күндеріне жоспарланған.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
426.10
0.00
EUR
495.40
-0.27
RUB
6.00
-0.13
TJS
37.73
+0.01
TMT
121.75
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+14°C Теһран
+10°C Мәскеу
+9°C Нұр-Сұлтан
+13°C Бішкек
+11°C Алматы
+18°C Душанбе
+14°C Ашхабад
+14°C Ташкент

Соцсети