28 Категория: Таджикистан - Жарияланды 05/11 - 12:50

НҰРСҰЛТАН, 5 - қараша. - Eurasia Today. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон 10 мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. 

Тәжікстан Президенті жаңа елшілермен кездесуі барысында Ауғанстандағы экономикалық дағдарыс тақырыбы төңірегінде сөз қозғап, Ауғанстан еліне көмек көрсету туралы бастама көтерді. 
Сондай-ақ кездесуде Рахмон қазіргі жағдайда Тәжікстан Ауғанстанға халықаралық деңгейде көмек көрсету аясында өзінің логистикалық мүмкіндіктерін ұсынуға дайын екенін атап өтті. 
Айта кетсек, рәсімде Беларусь, Әзірбайжан, Түркия, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Швейцария, Чехия, Польша, Эстония және Бангладеш елдерінің жаңа елшілері Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады.   

 

Теги: