546 Категория: Таджикистан - Жарияланды 18/05 - 10:25

НҰР-СҰЛТАН, 18 - мамыр. - Eurasia Todaу. Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон 17 мамырда Душанбеде «Меллат» сарайында Иран Ислам Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының басшысы Мухаммад Бағериді қабылдады.

ТР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша кездесу барысында тәжік-иран қарым-қатынасының кең ауқымды мәселелері, әсіресе қауіпсіздік және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мәселелер қарастырылды.

Тараптар терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі және ұйымдасқан трансұлттық қылмыстың басқа да көріністері сияқты заманауи сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы күресте ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Теги: