АСТАНА, 8 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Иранның Энергетика министрі Тәжікстанда ирандық технологиямен СЭС салынатынын хабарлады. Бұл туралы Иранның Энергетика министрі Әли Акбар Мехрабиан Теһранда Иран мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастығы туралы ортақ комиссияның 15-ші отырысының жабылу рәсімінде мәлім етті.
Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джуманың қатысуымен өткен отырыста Иранның Энергетика министрі Тәжікстандағы ең ірі электр станциялардың бірі Рогун СЭС-і екендігін және Иранның ірі компаниялары осы станцияның айтарлықтай бөлігін салу жұмыстарын өз мойындарына алғандығын атап өтті.
Айта кетсек, Иран мен Тәжікстанның экономикалық ынтымақтастығы туралы ортақ комиссияның 15-ші отырысы дүйсенбі күні Теһранда өз жұмысын бастаған еді.
Теңге бағамы
Ауа-райы