АСТАНА, 26 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Тәжікстан экономикасының басым бағыттарына Сауд Арабиясынан инвестиция тартуға мүдделі. Бұл туралы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестициялар министрі Халид Әл-Фолехті қабылдауында белгілі болды.
ТР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша кездесуде Тәжікстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары талқыланды.
Экономика және сауда салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету қажеттігі атап өтіліп, тараптар Тәжікстан экономикасының басым бағыттарына Сауд Арабиясынан инвестиция тарту мәселесі бойынша пікір алмасты.
Тараптар инвестициялық бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделілік танытып, ауыл шаруашылығы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, фармацевтика және құрылыс материалдарын өндіру салаларында, сондай-ақ осы салалар бойынша бірлескен кәсіпорындар құру бағытында іс жүзіндегі мемлекетаралық ынтымақтастық орнату қажеттігін атап өтті.
Теңге бағамы
Ауа-райы