АСТАНА, 07 - ақпан. - Eurasia Todaу. 6 ақпанда Душанбедегі Миллат сарайында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Ислам даму банкі тобының операциялар жөніндегі вице-президенті доктор Мансур Мұхтарды қабылдады.
Кездесуде Тәжікстан мен Ислам даму банкі арасындағы ынтымақтастықтың түрлі аспектілері талқыланды.
Эмомали Рахмон Ислам даму банкімен өзара тиімді ынтымақтастық деңгейіне қанағаттанатынын айтып, Банктің Тәжікстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Кездесуде тараптар білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, көлік, ирригация және Тәжікстанның басқа да басым әлеуметтік-экономикалық салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, Тәжікстан тәуелсіздік алған кезеңде Ислам даму банкі осы елде жалпы сомасы 620 миллион доллардан астам маңызды жобаларды жүзеге асырды.
Теңге бағамы
Ауа-райы