• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
565 Категория: Туркменистан - Жарияланды 25/03 - 11:09

АСТАНА, 25 - наурыз. - Eurasia Todaу. Ертең, 26 наурыз күні Түркіменстанда парламенттік сайлау өтеді. Түркіменстанда сайлау округтері арқылы 125 депутат сайланады. 

Тиісті мәлімдемені өткен сенбі күні Милли Генгеш (парламент) пен ел жұртшылығы өкілдерінің бірлескен отырысында жасалды.  

Жетінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаттарын сайлауға 258 кандидат 125 орын үшін үміткер.    

Бұл Түркіменстанның парламенттік жүйесін реформалаудан кейінгі алғашқы сайлау болмақ.  

Парламенттік сайлауға қатысып, дауыс беру үшін шамамен 3,5 млн. адам тіркелген. Сондай-ақ тағы 13 мың түркіменстандық шетелде дауыс бере алады. 

Дауыс беру жексенбі күні таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін Түркіменстан аумағы бойынша 2644 сайлау учаскесінде және 4 шетелдік учаскелерде өтеді.  

Бейнебақылау жүйесі дауыс беруге арналған 240 учаскеде орнатылған, 2,8 мыңнан астам ұлттық бақылаушы тіркелген және халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған. 

Түркіменстан Мәжілісіндегі 125 депутат әр бес жыл сайын сайланады. 

 Еске сала кетсек, 2018 жылы Түркіменстанда өткен соңғы парламенттік сайлауда 125 орынға 284 кандидат үміткер болған. Оның 168 - і демократиялық, өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер және аграрлық партиядан ұсынылды. Қалған 116 үміткер азаматтар тобынан сайлауға түскен болатын.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети