АСТАНА, 31 - қаңтар. - Eurasia Todaу. Түркіменстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Гуйч Гараев Татарстан Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаровпен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық талқыланды. Тараптар азық-түлік, агроөнеркәсіп, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және басқа да мәселелерді қарады.
Марат Зяббаров Түркіменстанға астық, күнбағыс майы, қант, балалар тағамы, сүт өнімдерін, оның ішінде құрғақ сүт, ірімшік және т.б. жеткізуге дайын екенін хабарлады.
Өз кезегінде Гуйч Гараев Түркіменстанның ауыл шаруашылығы саласындағы экспорттық мүмкіндіктеріне тоқталды.
Сондай-ақ, Бас консул наурыз айында жоспарланған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен Түркіменстан-Татарстан жұмыс тобының отырысы аясында Түркіменстан мен Татарстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.
Теңге бағамы
Ауа-райы