• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
370 Категория: Туркменистан - Жарияланды 07/02 - 18:31

АСТАНА, 07 - ақпан. - Eurasia Todaу. Кеше, 6 ақпанда Ашхабадта Түркіменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алиреза Бикдели арасында кездесу өтті. Бұл туралы Түркіменстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Кездесуде екі ел арасындағы саяси, дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты достық қарым-қатынастарды кеңейтуде жоғары деңгейдегі кездесулердің маңыздылығын қуаттады.
Дипломаттар Түркіменстан мен Иран ынтымақтастығы халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында біртіндеп дами беретініне үміт білдірді.
Тараптар мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға назар аударды. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 12-14 ақпаны аралығында Түркіменстанда Иран Ислам Республикасының Мәдениет күндерінің өтуі атап өтілді.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+21°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети