АСТАНА, 08 - ақпан. - Eurasia Todaу. 7 ақпанда Түркіменстан қатты жер сілкінісінен зардап шеккен дос мемлекет, бауырлас ел Түркия халқына гуманитарлық көмек жөнелтті. Гуманитарлық жүк дәрі-дәрмек, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен тоқыма бұйымдарынан тұрады.
Түркіменстан СІМ мәліметіне сәйкес, зардап шеккендерге көмектесіп жатқан әріптестеріне қажетті көмек көрсету үшін дәрігерлер мен медицина қызметкерлері де Түркияға жіберілді.
Түркияда орын алған табиғи апат көптеген адамның құрбан болып, жарақат алып, ауқымды қирауларға соқтырды.
Осыған орай президент Сердар Бердімұхамедов пен Гурбангулы Бердімұхамедов бауырлас елдің басшысына көңіл айтты. Хабарламаларда осы қиын сәтте Түркия халқына, қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Теңге бағамы
Ауа-райы