АСТАНА, 09 - ақпан. - Eurasia Todaу. Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов министрлер кабинетінің отырысында елде Иранның мәдениет күндерін өткізуге дайындық мәселелерін қарады.
Іс-шара Түркіменстанда 12-14 ақпан аралығында өтеді. Бердімұхамедов мұндай іс-шаралар әртүрлі елдердің халықтарымен достықты нығайтуға ықпал ететінін ерекше атап өтті. Президент жоғарыда аталған мәдени шара достық пен тату көршілік дәстүрлеріне негізделген, сондай-ақ екі мемлекет азаматтарының мүдделеріне сай келетін екіжақты байланыстарды жан-жақты нығайтуға қызмет ететініне сенім білдірді.
Осы тұрғыда Түркіменстан Президенті жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар бере отырып, Иранның мәдениет күндерін жоғары деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Іс-шара аясында Ашхабадқа Иранның көрнекті мәдениет қайраткерлері мен шеберлері келеді. Жоспарланған шығармашылық акция аясында концерт, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, суретшілердің шеберлік сыныптары мен кездесулері және Иран кинофильмдерінің көрсетілімі өтеді.
Теңге бағамы
Ауа-райы