АСТАНА, 13 - ақпан. - Eurasia Todaу. Сенбі күні Түркіменстан ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халк мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды.
Ашхабад халықаралық әуежайында Гурбангулы Бердімұхамедовты бірқатар шенеуніктер мен Түркіменстандағы Біріккен Араб Әмірліктерінің елшісі шығарып салды.
Гурбангулы Бердімұхамедовтың БАӘ-ге сапары аясында өзара ынтымақтастықты дамыту жөніндегі құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
Айта кетсек, бұған дейін Түркіменстан елдің Сыртқы істер министрі Рашид Мередовтың 13-15 ақпан аралығында Дубайда өтетін Үкіметтердің Дүниежүзілік саммитіне қатысатынын хабарлаған болатын. Саммитке 20 елдің Үкімет басшылары, 250-ден астам министрлер мен 10 мың мемлекет қайраткерлері, сарапшылар және әлемнің әртүрлі елдерінен келген басқа да беделді тұлғалар қатысады деп күтілуде.
Теңге бағамы
Ауа-райы