АСТАНА, 15 - наурыз. - Eurasia Todaу. Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі дүниежүзілік қоғам Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік әдебиет мұражайының коллекциясына арналған иллюстрацияланған кітаппен жұмыс істеуде.
Басылым 100-ге жуық сирек қолжазбаларды жинақтайды. Олардың ішіндегі ең бірегейі-1842 жылы Қоқан қаласында қайта жазылған Әлішер Науаидің «Хамса» қолжазбасы. Бұл қолжазбада ортағасырлық суретшілердің сирек кездесетін 45 керемет миниатюралары бар.
Сонымен қатар кітапқа 1486 жылы Гератта қайта жазылған Әлішер Науаидің «Бадое-ул-бидоя» («Өнер бастауы»), қолжазбасы, Махмуд әз-Замахшаридің «Мұқаддимат-ал-адаб» қолжазбасы, 1526 жылы Бұхарада қайта жазылған Әлішер Науаидің «Девон» қолжазбасы, 16 ғасырда жазылған Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Мубайин» қолжазбасы кіреді.
«Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі дүниежүзілік қоғамы әрдайым отандық мұражайлардағы өнер мен мәдениет коллекцияларына айтарлықтай көңіл бөледі. Біздің елімізде шынымен сирек кездесетін және құнды қазыналар өте көп және біз бұл мұра туралы бүкіл әлем білетініне көз жеткіземіз», - дейді Өзбекстанның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау жөніндегі дүниежүзілік қоғам төрағасы Фирдавс Абдухаликов.
Әлішер Науаи атындағы мемлекеттік әдебиет мұражайы Өзбекстанның тарихына қатысты тарихи материалдар мен заттарды жинауға және зерттеуге бағытталған ғылыми-мәдени, білім беру мекемесі. Мұражай Өзбекстандағы жас ұрпақтың мәдени дамуында маңызды рөл атқарады және маңызды құжаттар мен қолжазбаларды сақтайды. Мұражай ғимараты 1939 жылы Әлішер Науаидің туғанына 500 жыл толуына орай құрылған.
Теңге бағамы
Ауа-райы