• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
318 Категория: Узбекистан - Жарияланды 17/03 - 10:45

АСТАНА, 17 - наурыз. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Республикасындағы Жапония елшілігі Өзбекстан Республикасының кинематография агенттігінің қолдауымен 24-26 наурыз аралығында «Yoshlar Ijod Saroyi» жастар шығармашылық сарайында Жапонияның кино күндерін ұйымдастырып отыр.

Аталмыш іс-шара Жапония мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылуда.
Бағдарламада өмірдегі өзекті проблемалар мен оларды шешу жолдары, жапон жастарының күнделікті өмірі, махаббат тарихы, адамдар арасындағы достық пен өзара түсіністіктің пайда болуы, қарапайым адамдардың күнделікті қуаныштары мен қиындықтары туралы баяндайтын жапон режиссерлерінің алты туындысы ұсынылады.
Ташкент қаласында өтетін Жапонияның кино күндерінің ашылу салтанаты 24 наурызда «Ниндзя және мысық» фильмінің көрсетілімімен басталады. Режиссер Такэси Ватанабэнің бұл тарихи комедиясында басты кейіпкердің мысығымен болған оқиғалары баяндалады. Жалпы фильм ниндзялардың өмірі мен күресі туралы түсінік береді.
Фильмдер жапон тілінде орыс субтитрлерімен көрсетіледі.
Өзбекстан мен Жапония қатынастарының тарихы ғасырлар бойы жалғасып келеді. Өзбекстан мен Жапония арасындағы қатынастар достық, өзара құрмет және сенім қағидаттарына негізделген. Биыл екі ел арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отыр.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
446.75
-0.02
EUR
477.74
-0.08
RUB
5.49
-0.32
TJS
41.03
+0.01
TMT
127.94
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+26°C Теһран
+21°C Мәскеу
+18°C Астана
+30°C Бішкек
+28°C Алматы
+32°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+34°C Ташкент

Соцсети