АСТАНА, 19 - желтоқсан. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов ақылға қонымды, ымыраға негізделген дипломатия ғана барлық тараптардың мүдделерін тең және қайшылықсыз қанағаттандыра алатынын айтты.
Өөбекстан СІМ мәліметі бойынша бұл туралы Владимир Норов «Жаңа Өзбекстан - өзгермелі және өзара байланысты әлемдегі сенімді серіктес» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Өзбекстан СІМ басшысы қазіргі жағдайда прагматикалық және сындарлы дипломатияның айрықша және талассыз маңыздылығын өмірдің өзі көрсетіп отырғанын атап өтті.
Норов: "Өзбекстан қақтығыстар мен текетірес тек жойқын салдарларға және жеңімпаздар болмайтын жағдайларға әкеледі деген ұстанымды берік ұстанады. Ақылға қонымды ымыраға негізделген дипломатия ғана барлық тараптардың мүдделерін тең және қайшылықсыз қанағаттандыра алады", - деді.
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев атап өткендей, тиімді халықаралық ынтымақтастық біздің өзара байланысты әлемді тұрақты, болжамды және гүлденген етеді. Бұл қазіргі заманның мәселелерін шешудің, төтенше дағдарыстық жағдайларды шешудің ең нақты, қолжетімді және ең жақын жолы.
Теңге бағамы
Ауа-райы