АСТАНА, 07 - ақпан. - Eurasia Todaу. 6 ақпанда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы қаңтардың 6 күні Түркияның оңтүстік-шығыс провинцияларында болған күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген құрбандар мен қатты қирауларға байланысты бауырлас түрік халқына, қаза болғандар мен зардап шеккендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қолдау білдірді.
Табиғат апатының салдарын жою мақсатында практикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 7 ақпанда Өзбекстаннан Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтіліп, құтқарушылар тобын жіберу жоспарлануда.
Сондай-ақ екіжақты күн тәртібі мен өңірлік ынтымақтастықтың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасу болды.
Теңге бағамы
Ауа-райы