АСТАНА, 09 - ақпан. - Eurasia Todaу. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің нұсқауы бойынша жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін еліміздің арнайы ұшағы Түркияның Газиентеп қаласына келді.
Аталған әуе кемесі гуманитарлық көмектің кезекті легімен бірге қосымша іздестіру-құтқару тобы мен жалпы саны 71 адамды құрайтын медицина қызметкерлерін жеткізді.
Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір гектарға тең аумақта тоғыз бөлек бөлімшеден тұратын жылжымалы госпиталь кешенін орналастыру жоспарлануда. Онда Қорғаныс министрлігі медициналық отрядының 50 қызметкері қызмет етеді. Бұл далалық аурухана Өзбекстаннан келетін барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен толықтай жабдықталады.
Теңге бағамы
Ауа-райы