• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
7 Категория: Дайджест - Жарияланды 21/04 - 10:50

Ресей қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні Пальмираның солтүстік-шығысындағы "террористер нысанына" әуеден соққы жасағанын хабарлады BAQ.KZ ақпарат агенттігі. 

Arabnews агенттігінің жазуынша, террористер шоғырланған нысандар анықталғаннан кейін Ресей әуе-ғарыш күштері шамамен 200 содыр мен екі жасырын нысанның көзін жойған.

Сириядағы қарсы тараптарды бітістіру және босқындар легін бақылау орталығының мәліметінше, Пальмираның солтүстік-шығысында содырлардың жасырын базасы орналасқан, онда түрлі аймақта теракт жүргізу мақсатында содырлар тобы жасақталып отырған.

Террористер орны айқындалғаннан кейін Ресей әуе-ғарыш күштері нысандарға соққы берген. Соның нәтижесінде екі жасырын нысан, 200-ге дейін содыр, ірі калибрлі пулеметтері бар 24 пикап, сонымен бірге шамамен 500 кило оқ-дәрі және бомба жасауға қажет бөлшектер жойылған.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
427.06
0.00
EUR
516.19
0.00
RUB
5.76
0.00
TJS
37.73
-0.03
TMT
122.02
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+19°C Мәскеу
+14°C Нұр-Сұлтан
+17°C Бішкек
+18°C Алматы
+16°C Душанбе
+28°C Ашхабад
+21°C Ташкент

Соцсети