• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
500 Категория: Дайджест - Жарияланды 16/08 - 11:52

НҰРСҰЛТАН, 16 - тамыз. - Eurasia Today. Ел аумағындағы көлемі жағынан төртінші ірі қала әрі Балх провинциясының орталығы болып табылатын Мазари-Шарифта Талибан қолына өтті. Талибан қозғалысы осылайша ел аумағының 90 пайызын өздеріне қаратты. Бұл туралы ақпарат тілшісі Иран ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүгінгі күнде Үкімет бақылауында тек ел астанасы Кабул мен шығыстағы Пәкістанмен шектесетін Нангархар провинциясының орталығы Жалалабад қана қалды.

«АҚШ Президенті Байден әскерін алып кетемін деген сәттен бастап Талибан шабуылды бірден күшейтті. Ауғанстандағы соғыстың себеп-салдары өте күрделі. Адамның қаны судай төгіліп жатыр. Бұл қырғын 40 жылдан бері жалғасып келеді. Сыртқы алпауыт күштердің ауған жеріндегі тартысы азаматтық соғысқа ұласты. Ауғанстанның стратегиялық мүдделердің түйіскен жерінде, оның ішінде Орталық Азияда орналасқаны өзіне сор болып тұр. Менің ойымша, елдің тағдырын ауған халқы жан-жақты келіссөздер арқылы өз қолына алуы тиіс. Бұл – ішкі мәселе», -дейді сарапшы Рамиш Салеми.

Қазіргі таңда Түркия Ауғанстаннан ағылған босқындар тобын тоқтату үшін Иранмен арадағы шекара күзетін күшейте бастады. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі жыл басынан бері Ауғанстаннан 400 мың тұрғынның басқа елдерге бас сауғалап қашқанын мәлімдеді.

 

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.10
0.00
USD
423.79
0.00
EUR
497.36
0.00
RUB
5.80
0.00
TJS
37.43
-0.01
TMT
121.05
-0.03
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+28°C Теһран
+10°C Мәскеу
+5°C Нұр-Сұлтан
+16°C Бішкек
+16°C Алматы
+31°C Душанбе
+27°C Ашхабад
+24°C Ташкент

Соцсети