ӨзбекстанСІМАуғанстанменмемлекеттікшекарадаболғаноқиғатуралымәлімдемежариялады
- Толығырақ
- Қаралды: 161
НҰР-СҰЛТАН, 24 - тамыз. - Eurasia Todaу. Ауғанстан мен Өзбекстан Республикасының арнайы қызметтерінің уәкілетті өкілдері екі елдің мемлекеттік шекарасындағы ағымдағы жағдай бойынша келіссөздер жүргізді.
ӨР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша тараптар 2022 жылғы 21 тамызда Өзбекстанның Сурхандария облысы Пайғамбар аралы аумағында Ауғанстан азаматтарының Өзбекстанның Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуіне байланысты орын алған оқиғаны қарастырды.
Кездесу барысында екі жақтан да аталған ауданда шиеленіс тудырған бөлек заң бұзушылықтарға жол берілгені белгілі болды.
Қазір оқиғаның мән-жайы мұқият тексерілуде.
Мәлімдемеде Өзбекстан Республикасы қаза тапқан екі азаматтың отбасына көңіл айтып, алты жаралыға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп, ұсталғандарды отанына қайтаруға дайындау процедурасын аяқтайтыны, сонымен қатар екі тараптың да бір-бірінің мүдделерін ескеру және өзара құрмет негізінде бейбітшілікке және барлық өзекті мәселелерді шешуге берік ұстанымдары қуатталған.
Айта кетейік, Sarhad.uz Телеграм каналындағы мәліметке сілтеме жасап, Өзбекстанның Сурхандария облысы "Пайғамбар" аралының аумағында бір топ ауған азаматтарының мемлекеттік шекараны бұзып, қайықтарымен жоғарыда аталған аралда тоқтап тұрғаны анықталғанын жазған болатынбыз. Осы дереккөзі операция барысында Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын бұзған 24 адам олардың жеке басын анықтау және жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін ұсталғанын хабарлады.
Теңге бағамы
Ауа-райы