• Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
 
411 Категория: Мнение эксперта - Жарияланды 07/04 - 10:01

АСТАНА, 07 - сәуір. - Eurasia Todaу. Орта Азия елдері үшін аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселесінде Ауғанстан басты тақырыпқа шыққан. Әсіресе, «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) 2021 жылғы 15 тамызда Ауғанстанның барлық дерлік аумағына өз билігін орнатып, бақылауға алғалы бері Ауғанстан өзекті тақырыптардың біріне айналды.

Бұл жөнінде сарапшылар Ауғанстанда қалыптасқан жағдайды талдап, ықтимал қатерлер мен Ауғанстан төңірегіндегі ахуалға болжам жасады.
Тәліптер Ауғанстанда 1996 жылы билікке келгенде (1996 жылдан 2001 жылға дейін) өлім жазасына кесілген азаматтарды дарға асып, ұрлық жасағандардың қолын кесіп, әйелдерге ер адамның бастауынсыз көшеге шығуға тыйым салған болатын. Билікке оралған олар бұл жолы ондай қатаң тәртіп пен шектеу болмайтынын айтты. Алайда тәліптердің көптеген уәделері декларация деңгейінде қалды.
Бүгінгі таңда тәліптер елдің барлық аумағын бақылап отыр және өз билігін барлық деңгейде нығайтуды жалғастыруда.
PFA Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты Таяу Шығыс зерттеулер орталығының кіші ғылыми қызметкері, сарапшы Илья Зиминнің айтуынша, Ауғанстандағы бүгінгі жағдай-баяу өсіп келе жатқан тұрақсыздық.
«Қазір тәліптер ішіндегі элиталардың екі тобы арасындағы алауыздық жиі айталады. Олар -жаңа буын немесе модернистер және тәліптердің алғашқы билігінде болған ескі тәліптер»,-дейді Илья Зимин.
Сарапшының айтуынша, басқарушылар желісі бойынша бөліну тәліптер ішіндегі төңкеріске, ең нашар жағдайда-әскери қақтығысқа әкелуі мүмкін.
Ауғанстан аумағынан келетін негізгі қауіптер лаңкестік белсенділікпен, діни эсктремизм идеяларының экспортымен, есірткі өндірісі мен транзитімен, заңсыз көші-қон және босқындардың ықтимал ағымымен байланысты.
Ресей Федерациясының Аймақтық мәселелер институтының бас директоры, сарапшы Дмитрий Журавлев Ауғанстандағы қазіргі ахуалды ескеріп, сын-қатерлер ұзақ мерзімді перспективада сақталады деп санайды.
«Қазір тәліптердің көзқарасы біршама өзгерді. Олар жұмыс істейтін өнеркәсібі бар тұрақты мемлекет құруға көбірек қызығушылық танытады, дәл осы негізде Ислам мемлекеті террористік ұйымымен келісе алмайды. Себебі бұл ұйым үздіксіз революцияны, ал тәліптер-елінде тәртіп болғанын қалайды»,- дейді сарапшы.
«Тәліптер арасында Орта Азия елдерінің титулды ұлттарының өкілдері бар, оларды этникалық отанында оңай біріктіруге болады. Тәліптер әлі де жартылай зайырлы, ал «Ислам мемлекеті»-діни ұйым және олар Орталық Азияға, әсіресе Өзбекстан мен Қазақстанға өздерінің идеологиялық құрылымдарын тарата алада, бұл өте қауіпті болуы мүмкін»,-дейді сарапшы сөзін қорытындылап.
Қазақстан Ауғанстан бойынша көпжақты келіссөздер процестеріне, оның ішінде БҰҰ платформасында, Мәскеу форматы сияқты өңірлік бастамалар шеңберінде, сондай-ақ қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары мен ауған проблематикасы жөніндегі ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілер деңгейіндегі кездесулерге белсенді қатысады.
Сонымен қатар, Астана бүгінде Ауғанстанмен сауда-экономикалық байланыстарды арттыруға күш салып, гуманитарлық бағдарламалар аясында қажетті азық-түлік көлемін бағыттап, білім беру және денсаулық сақтау саласы бойынша өзара іс-қимыл мен көмекті қамтамасыз етуде.

Теги:

Теңге бағамы

IRR
0.11
0.00
USD
445.70
+0.08
EUR
479.73
+0.42
RUB
5.40
-0.79
TJS
40.84
+0.01
TMT
127.36
0.00
UZS
0.04
0.00

Ауа-райы

 

+22°C Теһран
+9°C Мәскеу
+13°C Астана
+22°C Бішкек
+19°C Алматы
+24°C Душанбе
+23°C Ашхабад
+22°C Ташкент

Соцсети